02.02.2024 күні «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әдемі» санаторлық топтарымен бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Іле аудандық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
«Балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін,балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі үшін дамытушы орта құру тиімділігі» тақырыбында аудандық тәжірибе алаңы өткізілді.
Тәжірибе алаңының мақсаты- мектепке дейінгі ұйымдарда заттық кеңістіктік дамытушы ортаны құру және жетілдіру бойынша іс-тәжірибе алмасу болды.
Тәжірибе алаңын Іле аудандық әдістемелік орталығының әдіскері Б.Маканова алғы сөзбен ашып, мақсат,міндеттерімен таныстырды.
Ары қарай балабақша психологы Айнұр Жұмаханқызы «Көңіл күйді көтереміз!» атты тренингімен жалғастырып қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.
Балабақша әдіскері А.Жайлауова қонақтарды топтарға бөлініп, ұйымдастырылған іс-әрекеттер көруге шақырды.
«Гүлдер» кіші тобының тәрбиешісі Р.Әбілдаева «Менің сүйікті ойыншықтарым», «Ягодка» ортаңғы тобының тәрбиешісі С.Мұхаметжанова «Путешествие к Зимушке-Зиме» тақырыбында, «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиешісі Г.Қозыбаева «Ғажайып түстермен қызықты пішіндер әлемінде» тақырыбында, «Алақай» мектепалды тобының тәрбиешісі Б.Жармедеуова «Кемпірқосақ» ертегісімен асықтан кемпірқосақ құраймыз, «Любознайка» мектепалды тобының тәрбиешісі Е.Золочевская «Путешествие по сказкам» тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында тәрбиешілердің балалармен қарым-қатынасы мен бірлескен әрекеттерін,балалардың қимыл белсенділіктерін дамытушы ортада тиімді ұйымдастырылды. Сонымен қатар ересек тобының тәрбиешісі О.Аймағамбетова «Марблс тастары» шебер сыныбын көрсетті. Соңында қонақтар өз ұсыныстарын айтып,пікірлерімен бөлісті.